Қазақстандағы ескі машиналар утилизацияға жіберіледі - Альберт Рау

АСТАНА. 16 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгінде Қазақстанда жүрген машиналардың басым бөлігі ескірген.

Қазақстандағы ескі машиналар утилизацияға жіберіледі - Альберт Рау

Бүгін Астанада ҚР Машина жасаушылар форумы аясында өткен жиын барысында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Рау осы мәселені ерекше атап өтті.

Оның хабарлауынша, Қазақстандағы 4 млн. машинаның орташа жасы - 18 жыл. «Бұл - тым көп. Оның барлығын біз утилизацияға жіберуміз керек», - дейді А.Рау. Вице-министр атап көрсеткендей, бүгінде еліміздің ішкі нарығында сатылатын 100 мың жаңа автомобильдің 20 мыңы өз жерімізде құрастырылады. Алдағы уақытта министрлік бұл көрсеткішті 300 мыңға дейін жеткізуді көздеп отыр.