16:41, 03 Маусым 2009 | GMT +5
Қазақстандағы франчайзингтің айналымы 50 миллиард долларды құрайды - Тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығының вице-президенті
АЛМАТЫ. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстанда кәсіпкерліктегі франчайзингтің үлесі 3-4 жылдан кейін 30 пайызға жетуі мүмкін. Бұл кеше Алматыда өткен «Қазақстандағы франчайзинг» ІІ Халықаралық форумында айтылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Қазір кәсіпкерліктегі франчайзингтің үлесі елімізде 3-4 пайызды ғана құрап отыр. Оның айналымы 50 миллиард долларды құрайды. Алайда алдағы 3-4 жылда кәсіпкерліктегі франчайзингтің үлесі 30 пайызға дейін жетуі мүмкін. Оған бізде барлық мүмкіндік бар», дейді ҚР Тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығының вице-президенті Тимур Назханов. Оның айтуынша, кәсіпкерліктің бұл саласында бүгінгі таңда елімізде 20 мың адамды жұмыс жасайды. Ал ол республикада соңғы 2-3 жылда ғана дамып келе жатыр. Сол себепті франчайзингтің ел экономикасын көтерудегі әлеуеті өте зор. Республиканың франчайзинг нарығындағы отандық компаниялардың саны да қазірдің өзінде 30-ға жуықтап қалды.