Қазақстандағы Hyundai көліктерінің кейбір маркалары өндірісін тоқтатты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда Hyundai Accent пен Hyundai Creta модельдерінің өндірісі уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Astana Motors компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None
«Геосаяси жағдайға байланысты көктемде Ресей Федерациясынан жиынтықтауыштар жеткізілімі тоқтатылды. Осы уақытқа дейін кәсіпорын қорда қалған жиынтықтауыштарды пайдаланып жұмыс істеді, сондай-ақ Hyundai Motor Company-мен басқа елдерден жиынтықтауыштарды жеткізуге шұғыл квота туралы келісті. Қазіргі уақытта болашақтағы жеткізілімдер және жаңа логистикалық тізбектер туралы мәселе пысықталуда», - делінген компания хабарламасында.

Фото: astana-motors.kz





Соңғы жаңалықтар