Қазақстандағы IРho ортақ ғылыми жаңалықтарды ашуға шабыт береді - Боливиялық қатысушы
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда IРho-ны өткізу халықаралық олимпиадаға қатысушылардың достығын нығайтып, ортақ ғылыми жаңалықтарды ашуға жаңа шабыт береді, дейді Астанадағы Физика бойынша 45-ші Халықаралық олимпиадаға (IРho) Боливиядан келіп қатысқан жас физик Адриан Сиерра Мартинес.
«Маған сіздердің мемлекеттеріңіздің ғылымға үлкен көңіл болып отырғаны әсер етті. Қазақстанға олимпиаданы керемет ұйымдастырғаны үшін алғыс айтқым келеді. Менің бұл жерде өткізген уақытым ерекше әсерге бөледі және түрлі елдердің балаларымен достасуға мүмкіндік берді», - дейді Мартинес.
Боливиялық қатысушының айтуынша, оған Қазақстан халқы қонақжайлығымен, жылы шырайлығымен ұнапты.
«Қазақстанға өркендей беруін, ал қазақстандық қатысушыларға жеңіс тілеймін! Олар бұған әбден лайықты», - деді ол.