Қазақстандағы ірі бизнестің даму деңгейі Ресейден 1,5 есеге артып отыр - «Эксперт РА - Қазақстан» агенттігі
Ал Ресейде бұл көрсеткіштер күрт төмендейді. Бүгін Астанада басталған «Эксперт - 100 - Қазақстан» атты экономикалық форумы барысында «Эксперт РА - Қазақстан» рейтингтік агенттігінің бас директоры Игорь Нуждин осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Агенттіктің зерттеулері бойынша «Эксперт - 100 - Қазақстан» тізіміне енген Қазақстанның 100 ірі компаниясының 2008 жылдағы таза табысы 35 пайызға өсті. Соңғы 15 жылда Ресейде ондай көрсеткіштер байқалған жоқ. Қазірдің өзінде осы елдің «Эксперт - 400» тізіміне енген 400 ірі компанияның пайдасы 24 пайызға ғана артып отыр. «Бұл Қазақстандағы ірі бизнесті дамыту деңгейінің Ресейден 1,5 есеге артып отырғандығын көрсетсе керек. 2009 жылы Қазақстанның ірі бизнес жүздігіне кірген компаниялардың даму деңгейі сақталады. Ал Ресейде бұл көрсеткіштер күрт төмендейді», дейді И. Нуждин.