14:33, 06 Қараша 2017 | GMT +5
Қазақстандағы ірі сауда дүкенінде шу шықты
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда тұтынушылар Magnum сауда дүкені таразыдан жей бастағанына наразылық білдіріп жатыр, хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Осы аталған жайтқа байланысты шулы видео әлеуметтік желілерде тарап кетті. Бейнекадрда ер адам қақталған шұжықты таразыға қойып, 150 грамм жетпейтіндігін анықтаған.
«Айгерім, міне қараңыз қақталған шұжық. 640 грамм деп тұр сыртында. Мұны таразыға қойып өлшесеңіз, 490 грамм болып шықты. Бұл не? 200 грамм деген сұмдық қой. Не үшін істейсіздер осылай?», - деді ер адам.
«Бұл сұмдық, магнум желісіндегі тауардың бәрін тексеру керек», - деді видео түсіріп тұрған сатып алушылар.
Сауда үйінің қоғаммен байланыс қызметіне ресми сауал жолданды. Әзірге жауап берген жоқ.