Қазақстандағы ірі тас жолдар бойында газ құю станциялары салынады

АСТАНА. ҚазАқпарат - "ҚазТрансГаз" АҚ трансформация және даму жөніндегі бас директордың орынбасары Ерқанат Темірxановтың айтуынша, бүгінде көлік жүргізушілері арасында газға деген сұраныс артып келеді,  деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

"Әлбетте, ірі қалаларда көліктердің газға ауысқаны маңызды. Соның арқасында қоршаған ортаға шығарылатын зиянды қалдықтарды барынша азайтуға болады. Мәселен, Алматыда біз шамамен 400 маршруттық автобусты газға ауыстырдық. Бұдан бөлек, Ақтөбе, Шымкент сияқты ірі қалаларда жұмыс істейміз. Әкімдіктермен арадағы нақы келісім де бар. Олар газбен жүретін автобустарды сатып алады. Біз босақ, осы санаттағы көліктер үшін газ құю станцияларын орнатамыз. Қазіргі кезде Ақтөбе 200 автобусты сатып алып жатыр", - деді Темірxанов бүгін Астанадағы Энергетиканы реттеу органдары аймақтық қауымдастығының (ЭРРА) кезекті конференциясында.

Оның сөзіне қарағанда, автобустарға арналған газ станцияларын орнату кореялық компаниямен бірлесіп атқарылса, "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" тас жолында осы іспетті газ станциялары ресейлік "Газпроммен" бірге орнатылады. "Біз трассаның бойында "А" нүктесінен бастап "В"-ға дейінгі аралықта толығымен газ станцияларын салатын боламыз", - деп атап көрсетті "ҚазТрансГаз"-дың өкілі.

Соңғы жаңалықтар
Референдум