Қазақстандағы ірімшіктің 50 пайызы өзге мемлекеттерден импортталады
АСТАНА. 17 ақпан. ҚазАқпарат - Қазақстандағы ірімшіктің 50 пайызға жуығы өзге мемлекеттерден импортталады.
Бұл туралы бүгін Астанада базарлардың бірін аралау кезінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің хатшысы Евгений Аман мәлім етті.
«Өкінішке орай, Қазақстандағы ірімшіктің 50 пайызға жуығы өзге мемлекеттерден импортталады. Сондықтан отандық ірімшік өндірісін ынталандыру қажет. Ведомство бұл саланы дамыту бағытында бірқатар бағдарламаларды қабылдаған болатын. Дегенмен қазақстандық ірімшік жасаушылар сапалы шикізаттың үлкен тапшылығын сезінуде. Елде ірімшік жасауға арналған сапалы сүттің қажетті көлемі жоқ. Бұл - аталмыш саланың дамуына үлкен тежеу болып отыр», - деді ол.