05:29, 16 Наурыз 2017 | GMT +5
Қазақстандағы иудей қауымы қызметінің мәселелері талқыланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Қазақстанның Бас раввині Ешая Когенмен кездесті, деп хабарлады ҚазАқпаратқа министрліктің баспасөз қызметінен.

Ведомство басшысы және Бас раввин мемлекеттік-конфессиялық қатынастар саласындағы ауқымды мәселелерді және Қазақстандағы иудей қауымы қызметінің бірқатар мәселелерін кеңінен талқылады.
Әңгімелесу барысында тараптар Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың еліміздегі конфессияаралық диалогты нығайтуға және халықаралық дәрежеде этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық үлгісін қалыптастырудағы ерекше рөлін атап өтті.
Өз кезегінде, Қазақстанның Бас раввині еврей қауымы мемлекетпен сындарлы сұхбат құруға дайын екендігін жеткізді.