Қазақстандағы JTI компаниясына жаңа басшы келді

АЛМАТЫ. 3 тамыз. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Джей Ти Ай Қазақстан, JT International S.A. компаниясының Қазақстандағы, Орталық Азия мен Моңғолиядағы бөлімшесі Луиджи Червезатоның Бас директор лауазымына тағайындалғанын хабарлады.

Қазақстандағы JTI компаниясына жаңа басшы келді

Компанияны оған дейін басқарған Тассос Ситсас Швейцарияның Женева қаласындағы бас кеңсеге Сауда белгілер бойынша вице-президент лауазымына ауысқан.

Жаңа қызметтегі Червизато мырзаның бастапқы міндеті болып Джей Ти Ай компаниясының Орталық Азия нарықтарындағы позициясы мен атағының нығаюы болып табылады. Жаңа жетекші маркетинг, жоспарлау мен даму саласында Fortunes 500 тізіміне кіретін атақты халықаралық компаниялардың түрлі лауазымдарында 20 жылдық тәжірибе жинаған.

Луиджи Червезато Джей Ти Ай компаниясына 2009 жылы коммерциялық директор болып келді. «Червезато мырзаның Орталық Азия нарықтарын білуі мен тұтынушы секторының Procter&Gamble, Bacardi, Coca-Cola мен British American Tobacco сияқты компанияларындағы жетекшілік тәжірибесі оны компанияның келешек даму сұрақтарын шешудегі таптырмайтын маман етеді», -дейді Тассос Ситсас.

Джей Ти Ай компаниясына дейін Луиджи Польшадағы Coca-Cola компаниясында ауызсу және сауда бөлімдерінің директоры ретінде қызмет атқарған. Сонымен қатар, Луиджи менеджмент саласында (Vlaamse Ekonomishe Hogeschool, Брюссель) және Бизнес бойынша Әкімшілік жүргізу саласында (Institut Catholique des Hautes Etudes Commerciales, Брюссель) магистрлік дәрежесіне ие.

2007-2010 жылдар аралығында Джей Ти Ай компаниясы Қазақстанның Орталық Азиядағы өндірістік және экспорттық орталық ретіндегі нарық үлесін арттыру үшін өз операцияларына 46 миллион доллардан астам инвестиция жасаған. 2011 жылдың қаңтарынан бастап Джей Ти Ай компаниясының қазақстандық бөлімінің географиясы Өзбекстан, Тәжікстан мен Түрікменстанның қосылуы арқасында ұлғайған.

JT International компаниясы әлемдегі темекі бұйымдарының жетекші өндірушісі Japan Tobacco Inc. құрылымдық бөлімшесі болып табылады. JTI әлемге танымал Winston, Mild Seven және Camel темекі сауда белгілерін өндіреді.