Қазақстандағы кәсіпорындарға инвестициялық жеңілдіктер берілетін болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Салық салу мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының Заңы аясында Кәсіпкерлік кодексінің инвестициялық жобалар, оларға қатысты артықшылықтар мен шарттарға өзгертулер мен толықтырулар енгізілмек. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің мәліметінде айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандағы кәсіпорындарға инвестициялық жеңілдіктер берілетін болды

ҚР ИДМ Инвестициялар комитетінің ақпаратына сүйенсек, инвестициялық климатты жақсарту мақсатында жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды корпоративтік табыс салығынан үш жыл мерзімге босату қарастырылып отыр. Бұл жеңілдік 5 миллион АЕК мөлшерінде инвестиция салынған жағдайда жүзеге асырылады.

Сондай-ақ инвестициялық артықшылықтар туралы өтінішке қоса берілетін құжаттар тізімі оңтайландырылған. Осылайша, құрылыс-монтаж жұмыстарының сметалық құнын және негізгі құралдарды, шикізатты және материалдарды сатып алу шығындарын негіздейтін бірқатар құжаттар алынып тасталды. 

Еске сала кетейік, жаңа Салық кодексіне Мемлекет басшысы 2017 жылдың желтоқсан айында қол қойған болатын. Аталмыш құжат 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді.