Қазақстандағы қоғамдық бақылау жүйесін дамыту сарапшылар клубының отырысында талқыланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада «Қоғамдық бақылау механизмдерін енгізу: мәселелер мен тиімді шешімдер» тақырыбында Қазақстанның саясаттанушылар Конгресі Сарапшылар клубының үшінші отырысы өтті.
None
None

Шараны ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Саясаттанушылар конгресі» РҚБ ұйымдастырды.

Сарапшылар клубының жиынына қазақстандық саясаттанушылар мен әлеуметтанушылар, сонымен бірге Қырғызстан және Ресей сарапшылары қатысты.

Отырыста Қазақстандағы қоғамдық бақылау жүйесін дамытудың негізгі мәселелеріне ғылыми сараптама жүргізілді.

Сарапшылар «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында қарастырылған қоғамдық бақылау механизмдерін енгізу алға бастайтын қадам екенін атап өтті.

«Қоғамдық кеңестер туралы» ҚР Заңы қабылдануының маңызы аталып өтілді. Бұл мемлекеттік қызметкерлер қызметінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Отырысқа қатысушылар қоғамдық бақылаудың күшеюі мемлекет пен қоғамның жаңғыру үдерісінің маңызды бөлігі екенін атап көрсетті.

Соңғы жаңалықтар