Қазақстандағы коронавирус: «Қызыл» аймақта бір ғана облыс тұр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 15 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандағы коронавирус: «Қызыл» аймақта бір ғана облыс тұр

15 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Павлолар облысы «қызыл» аймақта тұр. Бұған дейін «қызыл» аймақта болған Ақмола облысы «сары» аймаққа ауысқан.

«Сары» аймақта Нұр-Сұлтан қаласымен қатар Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақмола облыстары бар.

Қалған өңірлердің бәрі «жасыл» аймақта.

Жалпы Қазақстан коронавирустың таралу қаупі жағынан «жасыл» аймақта тұр.