Қазақстандағы қорықтардың аумағындағы 20 көл тазартылатын болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандағы қорықтардың аумағындағы 20 көлде тазарту жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министр Нұрлан Қаппаров мәлім етті.
None
None

«Қазақстанда алғаш рет ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы 20 көлді тазарту бойынша жұмыстар жүргізіледі. Сонымен бірге өзен арналарын тазарту жұмыстарына айрықша мән беріледі», - деді ведомство басшысы.

Н. Қаппаровтың айтуынша, «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасын жүзеге асырудың екінші кезегі даярланды. Мұнымен қоса, 25 жаңа су өлшеу бекеттерінің құрылысы қарастырылып отыр. Жалпы 2020 жылға дейін 195 су өлшеу бекеттері салынады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар