Қазақстандағы күтілетін өмір жасының ұзақтығы 69,1 жылға артты
АСТАНА. 27 тамыз. ҚазАқпарат - Қазақстанда күтілетін өмір жасының ұзақтығы артты. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап рm.kz сайты хабарлайды.
Ведомоствоның хабарламасына қарағанда 2011 жылдың қорытындысы бойынша алдымызда күтілетін өмір жасының ұзақтығы 69,1 жылға артқан. Бұл 2010 жылы 68,4 жылды құраған болатын.
Бұдан бөлек, ағымдағы жылдың 5 айы ішінде туудың 2 пайызға және табиғи өсімнің 6,3 пайызға артуы байқалған. Сондай-ақ халық арасындағы өлімнің жалпы көлемі 4,3 пайызға төмендеген. 2012 жылғы І жартыжылдықта ана өлімі 13 пайыз, сәби өлімі 5 пайызға азайған. Аталған көрсеткіштер қазақстандықтардың денсаулығын жақсартуға, елдің тұрақты әлеуметтік-демографиялық дамуын қалыптастыруға, дәрігерлік қызмет көрсету деңгейін артыруға және негізгі әлеуметтік-маңызды ауруларды емдеуге бағытталған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың арқасында мүмкін болуда.