Қазақстандағы қылмыс санының көрсеткіші шағымдарды электрондық тiркеу есебінен жоғарылады - Бас прокуратура

АСТАНА. 25 қараша. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Қазақстандағы криминогендік жағдай тұрақты.
None
None

Бұл туралы бүгін ҚР Бас прокуратурасында өткен қоғамдық кеңес отырысында Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Сәбит Нұрлыбай мәлім етті.

«Кейбір БАҚ құралдары соңғы 10 ай ішінде қылмыс санының күрт өсіп кеткендігі жөнінде мәліметтер таратуда. Жалпы, біздің еліміздегі криминогендік ахуал тұрақты дер едім», - деді Сәбит Нұрлыбай.

Оның айтуынша, 2011 жылдың 10 айында 160 мыңға жуық қылмыс тіркелген. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 44,5 пайызға жоғары.

«Тіркелген қылмыс санының өсуі құқыққорғау органдарының қылмыстарды тіркеу саласындағы саясатының өзгеру себебінен орын алып отыр. Ішкі істер органдарында және Қаржы полициясында қылмыстар туралы арыздардың электронды тіркеуі қолға алынды. Енді бұдан былай әрбір арыз жасыруға келмейді және көз тасасынан тыс қалмайтын болады. Бұл өзгерістер соңғы он ай ішіндегі қылмыстар көрсеткішінің 44,5 пайызға артуына алып келді. Өйткені бұрын жасырылып келген қылмыстар есепке алынды. Шынтуайтына келгенде еліміздегі қылмыстық ахуал шиеленіскен жоқ», - деп түйіндеді сөзін С. Нұрлыбай.

Соңғы жаңалықтар