Қазақстандағы Қырғызстан азаматтары президенттік сайлауда Астанадағы елшілікте дауыс бере алады

АСТАНА. 14 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстанда тұратын Қырғызстан азаматтары алдағы 30 қазан күні өтетін президенттік сайлауда өз елдерінің Астанадағы елшіліктерінде дауыс бере алады.

Қазақстандағы Қырғызстан азаматтары президенттік сайлауда Астанадағы елшілікте дауыс бере алады

«Казахстанская правда» газетінде жарияланған Қазақстан Республикасындағы Қырғызстан Республикасы елшілігінің хабарламасына сүйенсек, елшілікте №028-ші учаскелік сайлау комиссиясы құрылды. Онда Қырғызстан азаматтары сағат 08:00-ден 19:00-ге дейін дауыстарын бере алады.

Қырғызстан президентін сайлау 2011 жылдың 30 қазанына белгіленді. Осы уақытта мемлекеттің басшылығына 20 адам үміткер.