«Қазақстандағы мемлекеттік тіл саясатының өзекті мәселелері» тақырыбында «дөңгелек үстел» отырысы өтеді
АСТАНА. 7 қыркүйек. ҚазАқпарат - Алматы қаласында «Альтернатива» өзекті зерттеулер орталығы Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігінің қолдауымен үстіміздегі жылғы 12 қыркүйекте «Қазақстандағы мемлекеттік тіл саясатының өзекті мәселелері» тақырыбында «дөңгелек үстел» шарасын өткізеді.
Орталықтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, «дөңгелек үстел» отырысын өткізудің негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіл саясатын іске асырудың негізгі әлеуметтік, саяси, ғылыми-лингвистикалық және білім беру аспектілерін, қол жеткізілген нәтижелерді және алдағы келешегін талқылау және объективті бағасын айқындау болып табылады.
«Дөңгелек үстелдің» жұмысына мемлекеттік органдардың, ғылыми-зерттеу құрылымдарының, сараптамалық қауымдастықтардың, саяси партиялардың, үкіметтік емес ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады.