16:18, 03 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Қазақстандағы металлургия саласының даму болашағы талқыланды
АСТАНА. Желтоқсанның 3-і. ҚазАқпарат. ҚР Премьер - Министрі Кәрім Мәсімовтің «ArcelorMittal» компаниясы Директорлар кеңесінінің президенті Лакшми Митталмен болған кездесуінде Қазақстандағы металлургия саласының даму болашағы талқыланды,
деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.
Л.Миттал компания Қазақстандағы бұрын басталған немесе іске асыру жоспарланған, алайда дағдарыс кезеңінде іске асырылуы уақытша тоқтатылған инвестициялық жобаларды аяқтауға ниетті екенін айтты.
Ол «қазір жағдай қалыпқа келе бастағанын және Қазақстандағы компания кәсіпорындарының жұмысы қалыпқа түсе бастағанын» атап өтті.
«Қазақстан дағдарысты еңсеруде табысқа қол жеткізді, ЖІӨ көрсеткіштері өсуде, жұмыссыздық деңгейі азайып жатыр, ел жеткілікті қорға ие - мұның барлығы - қуанышты жағдай. Мен Қазақстан бұл дағдарыстан әлдеқайда қуатты болып шығады деп санаймын», - деді Л.Миттал.