Қазақстандағы мобильдік байланыс нарығы интернет тарату есебінен күн көруде
АСТАНА. КАЗИНФОРМ - Қазақстанда мобильдік қызмет сегменті шегіне жетіп, тоқырауға түсті. Қызмет көлемінің жылдық өсімі бар-жоғы 0,1 пайызды құрайды, осыған дейін бұл салада құлдырау байқалнған, деп хабарлайды energyprom.kz .
Биылғы жылдың жеті айының қорытындысы бойынша мобильдік байланыс операторларының қызмет көлемі 124,7 млрд теңгеге болды. Бұл өткен жылға қарағанда 0,1 пайызға артық. Салыстыратын болсақ, 2017 жылдың қаңтар-шілде айларындағы көлем жылдық құлдыраудың 16,8 пайызға жеткенін көрсетті.
Биыл интернет-провайдерлер мобильдік байланыс операторларын біржолата басып озды: тіркелген интернет-байланысты ұсыну бойынша қызметтер барлық байланыс қызметі көлемінің 32,8 пайызын қамтиды. Сондай-ақ мобильдік байланыс қызметі бар-жоғы 31,4 %.
Алғаш рет интернет-провайдерлер ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап көрсеткішін мобильдік операторлардан арттырды, содан бері өсім байқалады. Мобильдік байланыс операторлары халыққа жалпы қызмет көлемінің 71,1% -ын көрсеткен: 88,7 млрд теңге, өткен жылмен салыстырғанда 3,5% -ға аз.
Ағымдағы жылы абоненттер саны айтарлықтай өсті: жыл бойына 2,2%-ға, яғни 25,95 миллионға дейін артты. Осыған дейін абоненттер саны 2014 жылдан бастап қысқарған болатын (2013 ж. 5,8%-ға азайған). Осы уақыт аралығындағы төмендеу 2014 жылдың желтоқсан айынан бастап барлық мобильдік телефон иелеріне қалта телефондарының нөмірлерін тіркеуді талап етуімен түсіндіріледі.
Интернет-қызметтер тұрақты сегмент сұранымында ғана емес, сонымен қатар мобильдік web-байланыс сегментінде де қолданылады. Сондай-ақ толықтай мобильдік байланыс нарығын толықтырумен қатар, жоғары жылдамдықты ғаламторға қолжетімділігі бар мобильдік абоненттер санын белсенді түрде өсіру де жалғасады: шілде айының қорытындысы бойынша олар 12,4 миллионға, жыл бойына 12,5% -ға өскен (бұл жалпы абоненттер санының 47,8%-ы, ал 2016 жылдың шілде айында 43,4% болса, 2015 жылы бар-жоғы - 33%). 4G/LTE желілерінің елімізде жарты жыл бұрын ғана таралғанына қарамастан, Қазақстан дамушы елдер қатарында мобильдік байланыс жылдамдығы мен оны еңсеру деңгейі бойынша алға озды. 2017 жылдың 1 қаңтарынан 31 наурызы аралығында әлемнің 75 елінің арасында 4G/LTE стандартына зерттеу жүргізген OpenSignal британдық компаниясының бағалауы бойынша, Қазақстан «4G/LTE желісінің қолжетімділігі» бойынша 54-орынға тұрақтады. Елімізь 61,2% көрсеткішімен Италия, Ресей, Германия, Франция, Жаңа Зеландия елдерін артта қалдырды. Ал бұл сатыда Оңтүстік Корея, Жапония мен Норвегия елдері көш бастады