Қазақстандағы мұнай кен орындарының игерілуі дамыған елдермен салыстырғанда өте төменгі деңгейде -ҚазҰУ-дың PhD докторы

АЛМАТЫ. Шілденің 7-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстанда мұнай кен орындарын  игерудің орташа көрсеткіші 35 пайызды ғана құрайды. 
None
None


Оны Қазақтың әл-Фараби атындағы ұлттық университетінің PhD докторы Бақытжан Асылбеков ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында айтты.

«Еліміздегі  мұнай кен орындарының игерілуін  2-3 есе ұлғайтуға болады. Қазір өкінішке орай, олар  негізінен ескі технологиялар бойынша өндіріліп жатыр. Біз математикалық есептеу арқылы бірнеше ұсыныстар әзірледік. Жаңа технологияларды барлық кен орындарына бірдей енгізуге болмайды. Әсіресе мұнай сазды, балшықты қабатта орналасса. Жалпы қандай да бір кен орны болсын оны толық 100 пайыз игеру мүмкін емес. АҚШ, Канада, Мексика, Ресей сияқты елдерде оның деңгейі 70 пайызға дейін жетеді. Бізде ол 30-35 пайызды ғана құрайды», дейді Асылбек Қалжанұлы. Жас ғалымның  айтуынша, бұған кен орнындағы жер қабаттарының толық зерттелмеуі мен өндіріс үдерісінде озық технологиялардың қолданылмауы себеп болуда. Шетелдік компаниялар әрдайым жаңа технологияларды алып келдік деп мәлімдегенмен, өндіріске байланысты ақпаратты әзірге құпия ұстауда. Сондықтан шетелдіктердің басқаруындағы кен орындарының да қаншалықты игеріліп жатқанын қазіргі таңда  ешкім кесіп айта алмайды.

Соңғы жаңалықтар