Қазақстандағы негізгі өзендер шағын тоспалармен жабдықталуы мүмкін

АСТАНА. 19 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министр Серік Ахметов тасқынның алдын алу аясында еліміздің негізгі өзендерінде шағын тоспалар құрылысын қарастыруды тапсырды.
None
None

«Елбасы гидротехникалық жабдықтарды жөндеуден бөлек, бірнеше мәрте біздің негізгі өзендерде қар еру кезіндегі тасқын кезеңінде шағын тоспалар жасау туралы мәселені көтерген болатын. Әсіресе, бұл мәселе көктемде судың ауқымды көлемін жинақтауға қатысты болып отыр. Осыны байланыстырып, салалық бағдарламаны қарастыру керек» ,-деп жүктеді С. Ахметов.

Осы орайда Үкімет басшысы тиісті мемлекеттік органдар басшыларының басын қосып, әкімдермен кеңесіп, бұл мәселені қарастыру қажет екенін қадап айтты. «Шын мәнінде гидротехникалық жабдықтарға тиісті деңгейде назар аударылған жоқ», - деп түйді ол.

Соңғы жаңалықтар