Қазақстандағы өнеркәсіп кәсіпорындар басшылары 2015 жылы іскерлік белсенділік жоғарылайды деп бағалайды
Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметіне қарағанда, іскерлік белсенділігінің өзгеруін сипаттайтын кәсіпкерліктің сенімділік индексі өткен аймен салыстырғанда 5 пайыздық тармаққа төмендеп (+)7 пайызды құраған.
«Өнеркәсіп кәсіпорындары басшыларының басым бөлігінің бағалауы бойынша, жақын келешекте, 2015 жылғы ақпанға дейiн iскерлiк белсенділіктің өсуі күтіледі. Ал, сауда кәсіпорындары басшыларының бағалауы бойынша 2014 жылғы қарашада өткен аймен салыстырғанда тұтынушылық сұраныс пен іскерлік белсенділік көрсеткіші төмендеді. Атап айтқанда, кәсіпкерліктің сенімділік индексі (-) 8 пайыздық тармаққа төмендеп, 0 пайызды құрады. Бұл ретте осы саладағы сауалнамаға сәйкес, сұралғандардың 73 пайызы 2015 жылғы ақпанға дейін өзінің қаржылық-шаруашылық қызметінің өзгеріссіз қалатынын, ал 14 пайызы жақсаратынын, сонымен қатар, 9 пайызы нашарлайтындығын бағалаған», - делінген баспасөз баянында.