Қазақстандағы орнитологиялық аймақтар жөнінде анықтама кітап жарық көрді

АСТАНА. Наурыздың 13-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Маңызды орнитологиялық аймақтар бойынша Қазақстанда халықаралық бағдарламаның бірінші кезеңі аяқталып, аталған аймақтарды тізімдеу жұмыстары өткізілді. Сондай-ақ осы шараның аясында «Қазақстанның маңызды орнитологиялық аймақтары» атты анықтамалық кітап басылып шықты.
None
None
Бұл бағдарлама Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшілігінде өткен баспасөз мәслихатында таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Орнитологиялық аймақтар бағдарламасының үйлестірушісі Сергей Скляренконың айтуынша, аталған кітапта әлемдік ауқымда қорғауға алынған құстар мекендейтін 121 су тоғандары сипатталады. Басылым халықаралық деңгейде орындалған және онда Қазақстанның биоалуандығын қорғау қауымдастығы мен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің, Корольдік құстарды қорғау қоғамының (Ұлыбритания), сондай-ақ басқа да ұйымдардың бес жылдық еңбегі жинақталған. Мұнымен қоса, бұл жобаға «Дарвиндік бастама» қоры қаржылық қолдау көрсеткен. Сонымен қатар, осы бес жыл аясында сирек кездесетін құстардың азаюы себептерін зерттеуге арналған «Тарғақ» жобасы бойынша да маңызды нәтижелерге қол жеткізілген. Атап айтқанда, спутниктік құралдар арқылы сирек кездесетін құстардың қыс мерзімінде мекендейтін жаңа орындары анықталды.
Соңғы жаңалықтар