Қазақстандағы орташа өнімділік ЕАЭО-дағы елдердің көрсеткішінен артта қалды - Әли Бектаев
Депутат отандық тұқым шаруашылығындағы проблемаларға да назар аударды. Әли Бектаев қазақстандық ғылыми-зерттеу институттарындағы селекциялық жұмыс деңгейінің төмендігін атап өтті. Соның салдарынан шаруалар жыл сайын шетелдік селекцияның тұқымын сеуіп келеді.
«Ғалымдар мен сарапшылардың қатыстырылуымен жұмыс тобын құру арқылы Қазақстанның астық өндірісінің проблемаларын терең зерделеу керек деп есептеймін. Соның нәтижесінде агроөнеркәсіп кешенінің басқа да мүдделі салалары интеграцияланған астық өндірісін тұрақтандыру бағдарламасы үлгісінде жүйелі шаралар әзірленуі тиіс. Аталмыш бағдарламаның жеке бөлімі отандық селекцияны және тұқым шаруашылығы жүйесін дамытуға арналуы тиіс», - деді депутат Сенаттың жалпы отырысында Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың атына жолдаған сауалында.
Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Сенатта Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев топырақ сапасы нашарлаған алқаптар туралы түсінік берді.