Қазақстандағы отбасылардың 15 пайызы бедеуліктен зардап шегуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бейберекет жыныстық-қатынас пен түсік жасату Қазақстандағы отбасылардың 15%-ын бедеулікке душар етті.

Қазақстандағы отбасылардың 15 пайызы бедеуліктен зардап шегуде

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова мәлім етті.

«Елімізде аналар өлімі 3,7 есеге кеміді. Егер 2006 жылы оның үлесі 100 мың әйелге шаққанда 45,6 оқиға болса, қазір оның көлемі - 12,3 әйел. Нәрестелердің шетінеуі 1,5 есе азайды», - деді вице-министр.

Жыныстық қатынас арқылы таралатын инфекцияларды ерте бастан анықтау және оны емдеу жүйесі жақсарды. Тегін мемлекеттік медициналық қызметтер тізіміне әйелдердің денсаулығын скринингтен өткізу қызметі енгізіліп отыр.

«Осындай жағымды өзгерістерге қарамастан, денсаулық өте төмен деңгейде сақталуда. Некенің 15 пайызы бедеулікке ұшыраған, бұл жыныстық қатынастар арқылы таралатын инфекциялардың кең таралуынан, түсік жасатудан орын алуда. Қазақстанда әрбір бесінші жүктілік түсікпен аяқталады», - деп атап өтті С.Жақыпова.