Қазақстандағы президенттік сайлау демократия нормаларына толық сәйкес - Украина депутаты
БАКУ. 8 сәуір. ҚазАқпарат /Арнұр Мұхаметкәрім/ - Бұл күндері әлем елдерінің мемлекет және үкімет басшылары Қазақстанда өткен кезектен тыс президенттік сайлауға қатысты өздерінің оң пікірлерін білдіруде және Қазақстан Президентінің атына шынайы құттықтауларын жолдауда.
Осынау науқанның нәтижесі скептиктердің өзінің күмәнін туғызбағанын айта кету керек. Украинаның халық депутаты, Жоғарғы Раданың құқықтық саясат мәселелері жөніндегі комитетінің хатшысы Владимир Толстенко ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында осындай пікір айтты.
«Қазақстандағы президенттік сайлауды демократия нормаларына толық сәйкес өтті деп бағалаймын. Н.Назарбаевқа осыншалықты көп пайыз халықтың дауыс бергені таң қалатын жайт емес, себебі қазіргі таңда ол елдің алдында тұрған демократияны әрі қарай дамыту, мемлекеттің экономикалық өсуін жеделдету сияқты үлкен міндеттерді жүзеге асыруда ел азаматтарының толық қолдауына ие болып отыр. Халықаралық аренада Қазақстанның алдында елдің беделін нығайту, оның ішінде посткеңестік кеңістіктегі ықпалдасу, мысалы Кеден одағына ықпалдасу сияқты міндеттер тұр. Беделді, демократиялық жолмен қайтадан сайланған президент ретінде Н.Назарбаевқа, халықтың осындай қолдауының арқасында, осы және басқа да мәселелерді шешу жеңіл болады», - дейді Украина депутаты.