Қазақстандағы президенттік сайлау екі рекорд орнатты - саясаттанушы
АСТАНА. ҚазАқпарат - 26 сәуірде өткен кезектен тыс президенттік сайлауда екі рекорд орнатылды, деп есептейді саясаттанушы Данияр Әшімбаев.
«Алдымен, сайлауға келушілер деңгейінің жоғары болғанын айтуға болады. Бұл посткеңестік елдер ішінде жалпы бүкіл әлемдегі ең үздік көрсеткіш. Сайлау комиссиялары мен үміткерлердің штабтарының электораттың белсенділігін арттыру мақсатында жүргізген жұмыстарының нәтижелі болғанын, электорат белсенділігінің, оның азаматтық ұстанымының жоғары болғанын көрсетті», - деп атап өтті ол.
Саясаттанушының сөзіне қарағанда, бұл көрсеткіштер Қазақстан үшін рекордты.
«Екіншіден, exit poll жариялаған мәлімет бойынша 97 пайыздан астам дауыс жиған Елбасының жеңіске жетуі ел тұрғындары өздерінің үмітін оның алдағы қызметімен байланыстыратынын айғақтайды. Тұрғындар Қазақстанның тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктерін жоғары бағалайды. Бұл ұлтаралық келісім, саяси тұрақтылық, экономикалық реформалар мен әлеуметтік қамтудың жоғары көрсеткіші. Менің ойымша, тұрғындардың Мемлекет басшысының жаңа бағдарламасын қолдауына қарағанда, ел болашағын өзгеріссіз, артқа шегінбей, керісінше алға жылжуын қалайды. Барлығымызды бұл жеңіспен құттықтауға болады деп ойлаймын», - деді Д. Әшімбаев.