Қазақстандағы президенттік сайлауда электоралдық қатысудың ең жоғары көрсеткіштеріне қол жеткізіледі - Е.Ертісбаев
МӘСКЕУ. 25 наурыз. ҚазАқпарат /Нарымбек Ысмағұлов/ - ҚР Президентінің сайлауына дауыс беру үшін шамамен 6-6,5 млн. сайлаушы келетін болады.
Мәскеудегі РИА «Жаңалықтарда» өткен брифинг барысында ҚР Президентінің кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев осындай болжам айтты.
«Елімізде тоғыз миллионға жуық сайлаушы бар. Менің ойымша, кем дегенде Елбасы сайлауына 6-6,5 миллион адам қатысады. Алайда әрбір үшінші дауыс беруші басқа елдердегі сияқты сайлауға бармайды», - деді ҚР Президентінің кеңесшісі.
«Бұның өзі жетерлік, себебі 65 немесе 70 пайыз - бұл сайлаудағы электоралдық қатысудың ең жоғарғы көрсеткіші », - деді Е.Ертісбаев.