Қазақстандағы реформалар уақтылы жасалып жатыр - Президент

  АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев отандық БАҚ өкілдерімен кездесу кезінде Қазақстандағы реформалар уақтылы жасалып жатқандығын айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.
None
None

«Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында сайланған бірінші Парламентіміз коммунистік болды, яғни Кеңес Одағы кезінде қалыптасқан. Олардың барлығының ой-санасы бұрынғы жүйеменен өскен. Қазіргіні білмедің деп оны кінәлауға да болмайды. Бұрынғыны қойып, енді мына нарыққа көшу керек болды. Ал нарықтық жағдай мүлдем басқа. Парламентіміз заң қабылдауы керек болды, алайда қабылдамайды, түсінбеді. Мен келіп, әрбір заңды қабылдау үшін сол Парламенттің ішінде отырдым. Заң жобасының әрбір бабын түсіндірдім(...) Өздеріңіз білесіздер, сол кезде Парламентті таратуға тура келді, содан кейін барлық өкілеттікті де, жауапкершілікті де Президент өзіне алуға туралы келді. Сол кезде 147 заңды күші бар Жарлыққа қол қойдым», - деп еске алды Президент.

Осы орайда Елбасы аталған қадамдардың арқасында еліміз ТМД-ның өзге мемлекеттерінің алдына түсуге қауқарлы болғанын атап өтті. Бұл тұрғыда нарықтық экономикаға қажетті жер қойнауы, бизнес, жекешелендіру, инвестиция және өзге маңызды мәселелер бойынша тиісті шешім жасауға мүмкін болды.

«Барлық қабылданған бағдарламалар орындалуы үшін, қаржымен қамтамасыз етілуі үшін қатаңдық танытуға тура келді. Осы ретте нәтижелерге қол жеткізе алдық. Экономикамызды 21 есеге арттырдық, еліміздегі кедейшілікті 12 есеге азайттық, 90-шы жылдармен салыстырғанда еңбекақы 25 есеге жоғарылады. Бұған дейін Қазақстан қандай болғанын және қазіргі кезде қалай екенін салыстырып көріңіздер», - деді Мемлекет басшысы.

Н. Назарбаевтың пайымынша, енді қазіргі кезде бір адамға шоғырландырмай, өкілеттіктерді бөлу уақыты жетті. Бұл бағытта өкілеттіктер билік тармақтары арасында қайта бөлінгендігі дұрыс қадам.

«Сондықтан барлығы уақытымен жағдайға байланысты алға жылжып келе жатыр деп санау керек», - деп түйіндеді сөзін Президент.

Соңғы жаңалықтар