Қазақстандағы «Сартан» тобының барлық дәрілері қауіпсіз - ДСМ комитеті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті «сартан» тобының дәрі-дәрмектерін айналымнан алып тастауға қатысты шаралар жөнінде түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандағы «Сартан» тобының барлық дәрілері қауіпсіз - ДСМ комитеті

ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрайымы Людмила Бұйрабекованың айтуынша, комитет Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлтық орталығымен бірлесіп, ЕМА және Еуропалық медициналық өнім және денсаулық сақтау сапасы директоратының сартан тобына қатысты мәліметтерін мониторингілеу бөлігінде үлкен жұмыс атқарған.

Нәтижесінде, Mylan Laboratories Limited және Чжэцзян Хуахай өндірісінің «валсартан» фармацевтикалық субстанциясы құрамында «нитрозаминдер» канцерогенді қоспасы бар 4 саудалық дәрілік препараттың 18 сериясы айналымнан алып тасталды.

«Қазіргі уақытта, Қазақстанда сатылатын «сартан» тобының барлық дәрілерінің құрамында «нитрозаминдер» канцерогендік қоспа жоқ екендігін, бұл пациенттердің оларды қолдану қауіпсіздігіне кепілдік беретінін атап айта кетейік. Қазақстанда құрамында сартан бар барлығы 120 дәрілік препарат тіркелген»ғ делінген хабарламада.

Комитеттің мәліметінше, Қазақстанда дәрілік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қолдану нәтижесінде халықта жағымсыз әсер пайда болатын фактілері тіркелетін дәрілік заттардың жағымсыз әсерлерін мониторингілеу және фармацевтикалық қадағалау бөлігінде тұрақты негізде жұмыс жүргізіледі. Бұл шаралар сол немесе өзге де дәрілік препараттардан болған жағымсыз реакциялардың ошағын дереу анықтауға және ден қоюға мүмкіндік береді.

«Қазақстанда тіркелген дәрілік заттар туралы барлық ақпаратты ҚР ДСМ Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының сайтында «Мемлекеттік тіркелім» бөліміннен немесе DariKz мобильдік қосымшадан табуға болатынын еске саламыз», делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұрын 2018 жылғы тамыз айынан бастап «Чжэцзян Хуахай Фармасьютикалс» компаниясы өндірген құрамында валсартаны бар препараттар Қазақстан нарығында айналымнан шығарылды.

Сондай-ақ, валсартан препараттары жүрек-қантамырлары жүйесінің күрделі дерттерін емдеу үшін қолданылатындықтан оны қолдануды емдейтін дәрігердің рұқсатынсыз тоқтатпау керектігі ескертілді. Яғни бұл препараттар жазылған пациенттер басқа дәріге ауыстырып беру үшін тез арада дәрігерге баруы керек еді.