Қазақстандағы сайлау ашық әрі демократиялы түрде өтті - Украина байқаушысы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кезектен тыс Парламент сайлауы барысы мен нәтижесі Қазақстанда саяси дағдарыс жоқтығын көрсетті. Сайлау ашық әрі демократиялы түрде өтті. Ураинаның Жоғарғы Радасының депутаты Руслан Сольвар осылай мәлім етті.

Қазақстандағы сайлау ашық әрі демократиялы түрде өтті - Украина байқаушысы

Ол Украинада экономикалық қиыншылықтардың болып жатқандығын атап өтіп, осыған байланысты Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіздік жылдары «алдымен - экономика, содан кейін - саясат» деген қазақстандық даму моделін қызығушылығын білдірді.

Сайлаудың ұйымдастырылуына қатысты, Р.Сольвар оның жоғары деңгейде өткендігін атап өтті. Ол сайлауға келушілер қатарының көп болғандығын және халықтың Мемлекет басшысын қолдайтындығына тоқтала кетті. Басқа елдерде де Қазақстандағыдай секілді сайлау демократиялық негізде өтуін тілеймін, деді Рада депутаты.

«Дағдарысқа қарамастан дамуын тоқтатпай алға жылжыған Қазақстан үшін қуануға болады. Ең бастысы елде тұрақтылық арқасында экономиканың өсуіне мүмкіндік беретін инвестицияға жақсы жағдай жасалған», деді Руслан Сольвар.