Қазақстандағы сайлауда заң талаптары бұзылған жоқ - РФ Мемдумасының депутаты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандағы кезектен тыс президенттік сайлау заң аясында өтуде, заң талаптары бұзылған жоқ. Бұл туралы бүгін брифингте РФ Мемлекеттік Думасының депутаты, ҚР Парламенті мәжілісінің Ресей Парламенті жоғарғы палатасымен әріптестік құру тобының жетекшісі Олег Савченко мәлім етті.
«Бүгін біз таңертеңнен бері көптеген сайлау учаскелерінде болдық, ең бастысы - сайлаушылардың саны өте көп. Барлығында мерекелік көңіл-күй. Барлығы тиянақты жасалған, түгел заң аясында өтуде. Бұл - берілген дауыстар саны саналып, мемлекет басшысы таңдалатынына зор үміт ұялатады», - деді ол.
Оның сөзіне қарағанда, Ресей өзінің көршілес әрі достас елдерде тұрақтылық болуына мүдделі. «Бүгін сайлау демократиялық жолмен жоспарлы түрде өтіп , Қазақстан халқы өз президентін таңдайтындығына сенімдімін. Таңдау лайықты үміткерге түсіп, сайлау науқаны қалыпты өтетініне сенім білдіремін», - дейді О Савченко.