Қазақстандағы сайлаудың әділ өткендігі еш күдік тудырмайды - литвалық байқаушы
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандағы сайлаудың әділ өткендігі еш күдік тудырмайды. Бұл туралы бүгін Литва Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Зенонас Вайгаускас айтты.
«Сайлау ашық әрі сайлаушылар үшін барынша түсінікті болды және оның әділ өткендігі еш күдік тудырмайды», - деді ол.
Оның атап өтуінше, кейбір учаскелерді дауыс берушінің аты-жөндерінің тізімде болмай қалуына байланысты аздаған кемшіліктер орын алғанымен олар дер уақытында өз шешімін тауып отырған.
«Мен сайлау комиссиясының бұл мәселені қалай шешкенін өз көзіммен көрдім. Қалай десек те, аты-жөні тізімде болмай қалған азаматтардың дауыс бермей кеткенін байқамадым. Яғни, проблема бірден шешіліп отырды. Біз дауыстарды санау барысында да олардың дұрыс саналып жатқанына көз жеткіздік. Әрине, біз нәтижесін тағатсыздана күтеміз. Сайлаушылар өте көп болды. Дағдарысқа қарамастан өз дамуымен алға қарай ілгерілеп келе жатқан елдеріңіз үшін қуануға болады», - деді З.Вайгаускас.