Қазақстандағы сайлауға дайындық шараларында еш кемшілік жоқ - ТМД байқаушылар миссиясы

АСТАНА. ҚазАқпарат - ТМД байқаушылар миссиясы атынан қатысып отырған ресейлік парламенттің Федарация кеңесінің мүшесі Игорь Зуга Қазақстандағы кезектен тыс президент сайлауына дайындық жоғары деңгейде екенін атап өтті.

Қазақстандағы сайлауға дайындық шараларында еш кемшілік жоқ - ТМД байқаушылар миссиясы

«Қазақстандағы болған уақытымда сайлауға дайындық бойынша ешқандай кемшілік байқамадым. Барлығы нақты уақытымен ұйымдастырылған түрде атқарылды. Осы орайда ұйымдастырушылық деңгей өте жоғары деп айта аламын»,-деді ол тілшілерге берген сұхбатында.

Оның сөзіне қарағанда, ТМД байқаушылары миссиясы өзінің жұмысын таңғы 5:30-да бастайды. Атап айтқанда, олар Астанадағы бірқатар сайлау учаскелерін аралап шығатын болады. Игорь Зуга байқаушылар учаскелерді өз еркімен таңдағанын және оларға ешкім де шектеу қоймағанын атап өтті. «Қазақстандағы сайлау - ол нөмір бірінші жаңалық. Менің ойымша, сайлауда дауыс беру белсенділігі жоғары болмақ»,-деді ол.