14:26, 12 Желтоқсан 2014 | GMT +5
Қазақстандағы сотталғандарға арнап бизнес-жәрдемші әзірленді - ҚР Бас прокуратурасы
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Бас прокуратурасы мен PRI (Халықаралық түрме жүйесі) ұйымы Қазақстандағы сотталғандарға арнап "Сотталғандарға арналған 100 іс" атты бизнес-жәрдемші әзірледі. Бұл туралы бүгін өтіп жатқан "Түзеу мекемелеріндегі жұмыспен қамту" атты екінші форумда ҚР Бас прокурорының орынбасары Жақып Асанов айтты.
«Біз PRI-мен бірлесіп оқуға жеңіл әрі түсінікті тілмен "Сотталғандарға арналған 100 іс" атты бизнес-жәрдемші әзірледік. Әр іске 2-3 бет арналған. Онда бизнесті қалай бастап, қалай жүргізу керектігі, түрме жағдайында қандай іспен айнплысуға болатына жан-жақты түсіндіріледі», - деді ол.
Ж. Асановтың айтуынша, ҚР Бас прокуратурасы сондай-ақ, жыл сайын сотталғандардың арасында "Ең үздік бизнес-жоба" конкурсын өткізуді ұсынады.