18:27, 01 Наурыз 2012 | GMT +5
Қазақстандағы танымал компаниялар анықталды
АСТАНА. 1 наурыз. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - «Сенім - 2011» конкурсы аясында жүргізілген қоғамдық сауалнама Қазақстандағы танымал компанияларды анықтады.

Сауалнама нәтижесі көрсеткендей, қазақстандықтардың басым бөлігі «Қазақтелеком» компаниясы жайында көбірек біледі. Сөйтіп, ол «Қазақстандағы ең танымал компания» деп табылды. Екінші орында - «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы, ал «Халық банкі» АҚ үшінші орынға ие болды. Осыдан кейін сауалнамаға қатысқандарға «Сіздің қай компанияда жұмыс істегіңіз келеді?» деген сауал қойылды. Мұнда да респондеттердің көбісі «Қазақтелекомды» таңдады. Одан кейін «Қазақстан темір жолы» және «ҚазМұнайГаз» компаниялары келеді.