Қазақстандағы тасқын қаупi 7-10 күнде тұрақталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандағы көктемгi тасқын қаупi 7-10 күн iшiнде тұрақталады. Бұл туралы бүгiн ҚР ІІМ ТЖК Төтенше жағдайларды жою басқармасының басшысы Алексей Советов мәлiм еттi.

Қазақстандағы тасқын қаупi 7-10 күнде тұрақталады

«Облыстардағы ахуал бiр айға жетпей тұрақталады. 7-10 күн төңiрегiнде тасқын сулардың деңгейi едәуiр азаяды және қалыптасқан қиын жағдай сейiледi», - дедi ол.

Оның айтуынша, қазiргi уақытта су тасқыны 5 облыста ондаған ауылдарды, жүздеген үйлердi басты. Дегенмен, адам шығыны жоқ.

«Тұрғын үйлердiң, жеке шаруашылықтардың судан келген зардаптарын бағалау бойынша арнайы комиссия құрылды. Бүгiнде олар жалпы шығынды есептеуде», - дедi ол.

А. Советовтың сөзiне қарағанда, ең ауыр жағдай Қарағанды облысы мен Ақмола облысындағы Нұра өзенiнiң маңындағы ауылдарда және Павлодар мен Петропавл облыстарының шекарасындағы Сiлетi өзенiнiң бойындағы үш елдi мекенде сақталып отыр. Ондағы тұрғындар эвакуацияланды.