Қазақстандағы Tele2 операторы өз абоненттерін екі еселеді

АЛМАТЫ. 21 шілде. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Еуропалық ұялы байланыс операторы Tele2 өз жұмысының екінші тоқсанының қорытындысын шығарды.

Қазақстандағы  Tele2 операторы өз абоненттерін екі еселеді

Соңғы үш айда Қазақстандағы Tele2 операторының абоненттері қатарына 355 000 адам қосылып, 30-шы маусымдағы жағдай бойынша 663 000 абонентке жеткен, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

2011 жылдың екінші тоқсанынан бастап Tele2 өз бренді бойынша елдің 6 аймағында, оның ішінде Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Алматы және Ақмола облыстары мен Алматы, Астана сияқты ірі қалаларда жұмыс істей бастаған.

"Өткен жылы біз Tele2-нің пайда болуы абоненттер үшін жағымды жаңалық екенін айтқан едік және өз сөзімізде тұрдық. Қазақстан нарығында ТМД бойынша ең қымбат баға қойылғандықтан тұтынушылар деңгейі өте төмен, Tele2-нің төмен бағасының және шынайы тарифті саясаты, байланыстың сапасының артықшылығынан қарапайым тұрғындардың ұялы байланысқа кетіретін шығыны 50 пайыздан аса төмендеді", -дейді «Қазақстан Tele2» басқармасының төрағасы Андрей Смелков.