Қазақстандағы төрешілдік проблемаларын еліміздің халқы сезініп отыр - Ю. Кучинская

АСТАНА. 11 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстандағы төрешілдік проблемаларын еліміздің халқы сезініп отыр. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында «Демократия институты» ғылыми-зерттеу қауымдастығының директоры Юлия Кучинская мәлім етті.
None
None
Естеңізге сала кетейік, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 11 қазанда Үкіметтің кеңейтілген отырысында бюджеттік қаржының сапасыз орындалуын сынға алған болатын. Директордың сөзіне қарағанда сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 94 пайызы бюджеттің орындалуына Мемлекет басшысының сынымен толық келіседі. «Яғни, төрешілдік проблемасын халық барынша сезініп отыр. Және олар еліміздің бұдан әрі қарай үдемелі дамуына аталған мәселелердің салдары кері әсер ететіндігін түсініп отыр»,-деді Ю. Кучинская әлеуметтік сауалнама қорытындысын жариялау барысында. Оның айтуынша, бұл сауалнамамен Қазақстанның барлық өңірлері, сондай-ақ Астана мен Алматы қалалары қамтылған. Қарашаның 1-і мен 7-сі аралығында өткен осы шара барысында Елбасының Қазақстан Үкіметіне айтқан сынын қазақстандықтардың көпшілігі қолдап отыр. «Қазақстан халқының 98 пайызы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президенттің көтерген мәселелерін халықтың алаңдаушылығын толық айқындады деп санайды. Сонымен қатар, респонденттердің 92 пайызы Елбасының Үкіметке ауыл шаруашылығы саласын дамыту бойынша тапсырмасын қолдайтындықтарын білдірген»,-деді ол. Мұнымен қоса, сауалнамаға қатысқандардың 92 пайызы Мемлекет басшысының барша мемлекеттік бағдарламаларды қарастыру тұрғысындағы ескертулерін қолдап отыр. Сонымен қатар ел азаматтары Президенттің бөлек бағдарламалар бойынша қаржының толық игерілмеуіне байланысты сынды дұрыс деп санайды.
Соңғы жаңалықтар