Қазақстандағы тұңғыш магистранттар ҚазҰУ-дың жалпы және этникалық педагогика кафедрасында дайындалып шыққан - профессор Г.Ахметова
![None None](/static/img/plug.webp)
Бұл жайында аталған кафедраның профессоры, ғылыми-педагогикалық кадрлар бiлiктiлiгiн арттыру республикалық институтының директоры Гүлназ Ахметова Алматыда өткен жиында айтты.
Ол еліміздегі университеттердің әлемдік рейтингтен орын алып, үлкен жетістіктерге жетуі жолында кафедраның қосқан үлесі зор екендігін айта келе, мұнда өзінің дәстүрлі қалыптасқан даму жолы бар екендігін жеткізді. «Қазақстанда педагогика саласында қандай жаңалықтар болып жатса, оның барлығы алдымен біздің кафедрада ашылып жатады», - дейді профессор.
Ал ҚР педагогика ғылымдары академиясының президенті, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Асқарбек Құсайынов Елбасы биылғы халыққа Жолдауында еліміздің осы аралықта жеткен жетістіктерін баяндай келе, алдағы уақытта білім саласына баса назар аудару керектігін айтып, алдымызға үлкен міндеттер қойғандығын жеткізді. «Міне бүгін 70 жылдығын атап өтіп отырған бұл кафедра алға қойған міндеттерге үлкен үлес қосатыны сөзсіз. Университеттер қандай жетістікке жетті деген кезде, алдымен ондағы кафедралардың жетістігіне көңіл бөлуіміз керек. Елдегі озат оқытушылардың басым бөлігі ҚазҰУ-дан шығуының өзі, аталған кафедраның жеткен жетістігі деп білемін», - дейді профессор.