Қазақстандағы туризм күндері өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 24-25 қыркүйек күндері ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен Қазақстандағы туризм күндері өтпек. Бұл туралы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстандағы туризм күндері өтеді

Туризм мерекесінің алғашқы күні «Көшпелі туризмнің өзекті мәселелері, оны шешу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

Атап өткен жөн, алдағы жылы туроператорлық компанияларға қойылатын талаптар күшейтіліп, банктік кепілдемелер жасалады. Сондай-ақ, 2015 жылы туристік өнімді сақтандыру тәжірибесін енгізу де қарастырылған.

Туризм күндері аясында, 25 қыркүйек күні ҚР ҰКП журналистерді Астана қаласынан 30 шақырым қашықтықта орналасқан «Балқарағай» демалыс орнында ұйымдастырылатын этно-шоуға шақырады. Оның барысында барысында қазақтың ұлттық тағамдары дайындалып, ұлттық ойындар өткізіледі.