Қазақстандағы тыныштық пен тұрақтылық үшін ел иесі – қазақ халқы жауапты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандағы тыныштық пен тұрақтылық үшін, ең алдымен, ел иесі – қазақ халқы жауапты. Бұл туралы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шарада ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандағы тыныштық пен тұрақтылық үшін ел иесі – қазақ халқы жауапты

«Қазақстандағы тыныштық пен тұрақтылық үшін, ең алдымен, ел иесі – қазақ халқы жауапты. Осыны жете түсінетін кез келді. Біз әрдайым кеңпейіл болып, өзге этнос өкілдеріне қамқорлық танытуымыз керек. Сонда ғана берекелі бірлігімізді сақтап, тату-тәтті өмір сүреміз», - деп атап өтті ҚР Президенті.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы алдымызда болашақ экономикасын жедел салу міндеті тұрғанын баса айтты.

Жаңа технологиялар, жасанды интеллект, жоғары еңбек өнімділігі, шығармашылық бастамалар оның негізіне айналады. Бұл жұмыста шешуші сөз жастардың еншісінде», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.