"Қазақстандағы ұлттық идея: проблемаларды шешу жолдары" деп аталатын оқу құралы жарық көрді

АЛМАТЫ. Ақпанның 13-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда ақпанның 17-сі күні "Қазақстандағы ұлттық идея: проблемаларды шешу жолдары» деп аталатын жаңа оқу құралының тұсаукесері өтеді,

"Қазақстандағы ұлттық идея: проблемаларды шешу жолдары" деп аталатын  оқу құралы жарық көрді

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ол Қазақтың әл-Фараби атындағы ұлттық университеті ғалымдарының ҚР Білім және ғылым министрлігінің тапсырысы бойынша жарық көріп отыр. Ғалымдар ұлттық идея жөніндегі күрделі зерттеу жұмысын жүргізген болатын. Онда әлем мемлекеттерінің түрлі кезеңдегі ұлттық идеясы мен идеологиясы талданып, Қазақстанның барлық аймағына жүргізілген әлеуметтік зерттеу нәтижесінің сараптамасы ұсынылды. Бұл еңбекте ұлттық идея проблемасының теориясы мен тәжірибесі көрсетіліп, ұсыныстардың қорытындысы жарияланған. Ол журналистерге, гуманитарлық факультеттің студенттеріне және саясаттану, тарих, философия, әлеуметтану, масс-медиа мәселелері қызықтыратын жалпы көпшілікке арналған.