Қазақстандағы улы қалдықтар көлемі адам басына шаққанда 1400 тоннадан келеді - Қоршаған ортаны қорғау министрі
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Қазақстанда қазір 22 миллиард тонна қалдықтар жиналды. Оның ішінде 600 миллион тоннасы көміртек. Бұл әр адамға шаққанда 1400 тоннадан келеді. Ал ол Германияда жан басына шаққанда 400 киләні құрайды", дейді ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрғали Әшімов. Оның айтуынша, аймақтардағы қалдықтарды басқару проблемалары туралы бұл мәжілістің күн тәртібінде 4 мәселе қаралмақ. Бірінші - тұрмыстық қатты қалдықтар полигондарының құрылысы. Екінші - біткен полигондардың қалдықтарын қайта өңдеу. Үшінші - аймақтағы қалдықтарды залалсыздандыру. Төртінші - қабылданған шараларды орындаудың іс-шаралар жоспары. Нұрғали Сәдуақасұлының сөзіне қарағанда, мәжіліске қатысушылар бұл жиыннан кейін Алматы қаласындағы қалдықтарды өңдейтін зауыттың жұмысымен таныспақ.