Қазақстандағы үй шаруашылықтарының 74 пайызы өз тұрмыстарына қанағаттанады - ҚР Статистика агенттігі

2013 жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі жүргізген Қазақстандағы халықтың тұрмыс сапасын біржолғы зерттеу қорытындылары осындай.
Зерттеудің мақсаты 12 мың үй шаруашылығы басшыларының өз үй шаруашылықтарын 5 шартты әлеуметтік топтың біреуіне жатқызуды ұсыну арқылы субъективті бағалауы болып табылды:
-аз қамтылғандар (тамаққа, киімге және аяқкиімге қаражат жетіспейді);
-кедей емес, бірақ орта топқа да жатпайды (тамақ өнімдерін, киім, аяқкиім сатып алуға, тұрғын үй-коммуналдық қызметтеріне ақы төлеуге жетеді, бірақ біз ұзақ пайдаланылатын тауарларды сатып алуда қиындық көреміз);
-орта топ (тамақ, негізгі азық-түлік емес тауарлар мен қызметтерді сатып алуда қиындық көрмейді, бірақ қосымша тұрғын үй (пәтерлер, үйлер, саяжайлар), қымбат автокөлік және тағы басқаларды сатып алуға қаражат жеткіліксіз);
- жоғарғы орта топ (сапалы тамақ өнімдерін тұтынамыз, қолайлы жағдайларда тұрамыз, жұмысымыз, табыс әкелетін жеке ісіміз немесе жеке меншігіміз бар, бірақ демалуға және бос уақытты өткізуге уақыт жеткіліксіз);
- қамтамасыз етілгендер (байлар) (қолайлы өмір сүруге ресурстар (білім, денсаулық, қаржы, меншік, уақыт) жеткілікті)
Үй шаруашылықтары басшыларының субъективті бағалауы бойынша сұралғандардың тең жартысына жуығы немесе 52,2%-ы өздерін кедей емес, бірақ орта топқа да жатпайтындарға, 41,9% - орта топқа, 4,2% - аз қамтылғандарға және тек 1,7% жоғары орта топқа жатқызды.
Зерттеу қорытындылары бойынша үй шаруашылықтарының 74,0% өз тұрмыстарына қанағаттанған. Экономика жағдайына қанағаттану деңгейі бойынша елдегі экономикалық жағдайды үй шаруашылықтарының тек 46,0% оң бағалаған, бұл орайда 32,9% қанағаттанбайтынын және 21,1% жауап беруге қиналатындарын білдірген.