Қазақстандағы ұялы байланыс құны арзандай бермек
АСТАНА. 4 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстандағы ұялы байланыс тарифтері тек төмендей беретін болады.
Бұл туралы ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі Сәкен Сәрсенов мәлім етті.
«Ұялы байланыстың сапасына қатысты Астана, Алматы және Қазақстанның барлық өңірлерінде үлкен жұмыстар атқарылды. Алматы және Астана қалаларында 1300-ден астам базалық станса орнатылып қойды, енді жыл соңына дейін барлық жұмыстар аяқталады. Соған орай ұялы байланыстың сапасы артады», - С.Сәрсенов.
Сонымен қатар оның айтуынша, Қазақстанда ұялы байланыс құны арзандай береді.