Қазақстандағы ұялы байланыс операторының Бас директоры өзгерді

АЛМАТЫ. 18 шілде. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «ВымпелКом Лтд.» компаниялар тобы Алексей Блюминді Қазақстан аймағында «Beeline» сауда белгісімен ұялы байланыс қызметін ұсынушы «КаР-Тел» ЖШС-нің Бас директоры қызметіне тағайындады.

Қазақстандағы ұялы байланыс операторының Бас директоры өзгерді

Компанияның ТМД елдерінде бизнесті дамыту жөніндегі вице-президенті Дмитрий Кромскийдің айтуынша, А. Блюмин 2008 жылы Вьетнамдағы Gtel-Mobile компаниясын басқарды. Оның басқаруымен аз уақыт ішінде АТ-инфрақұрылымы желісі тартылып, Beeline брендімен коммерциялық операциялар жүргізілді. Енді оның кәсіби және бай тәжірбиесі Қазақстанды жаңа деңгейге көтереді деген сенімі зор.

«КаР-Тел» компаниясы ТМД елдері ішіндегі таза кірістің жартысынан көп бөлігін беріп отыр. Сондықтан бұл тағайындау күрделі шақыру деп қабылдаймын. Қазақстанда басты деңгейдегі өсуді - кең көлемді ғаламтор қызметін дамыту, яғни фиксациялық және мобильді, FTTB және 3G қамту аумағын кеңейтіп, LTE жаңа перспективасын ендіру деп білемін», - дейді Алексей Блюмин. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітіріп, 1995 жылы алғашқы қызметін телекоммункация саласында бастаған ол 8 жыл бойына «Голден Телеком» еншілес кәсіпорнының Мәскеу, Владивасток және Санкт-Петербордағы бөлімшелерінде басшылық қызметтер атқарды. 2003 жылы «Вымпел Ком»-ға келіп, 5 жыл бойына Ресейдің Оңтүстік аймағындағы оның жұмысын басқарды. Ал 2008 жылдан осы уақытқа дейін «ВымпелКом»-ның Вьетнамдағы Gtel-Mobile еншілес кәсіпорнын басқарған.