Қазақстандағы вакцина құю желісі биылғы тамыз-қыркүйек айларында іске қосылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Вакцина құю желісі 2021 жылдың тамыз-қыркүйек айларында іске қосылады. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.
None
None

Мемлекет басшысы эпидемиологиялық ахуал жөнінде өткен кеңесте Жамбыл облысының әкімінен қазақстандық вакцина шығаратын зауыттың пайдалануға берілу мерзімі туралы сұрап, кәсіпорынға өзі баратынын айтты.

«Вакцина құю желісі 2021 жылдың тамыз-қыркүйек айларында іске қосылады. Зауыт осы кезден бастап вакцина шығара бастайды, – деді Бердібек Сапарбаев.

Еске салсақ, Жамбыл облысында вакцина шығаратын зауыттың құрылысы жүріп жатыр.

Зауыттың құрылысы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес жүргізілуде. Кәсіпорында әлемдік стандарттар бойынша иммунобиологиялық препараттар, оның ішінде коронавирустық инфекцияға, тұмауға, туберкулезге, бруцеллезге, нодулярлық дерматитке және басқа да инфекциялық ауруларға қарсы вакциналар шығару жоспарлануда. Жылдық өндіріс көлемі 30-60 миллион доза биологиялық өнімді құрайды.



Соңғы жаңалықтар