Қазақстандағы заңнаманы ізгілендіру сотталушылардың санын 48 мыңға дейін азайтты

АСТАНА. 24 қаңтар. ҚазАқпарат - Үш жылда құқықтық тәртіптің бағытында орын алған елеулі өзгерістер ел түрмелеріндегі сотталушылардың санын төрттен бір көрсеткішке азайтуға мүмкіндік берді. Бұл туралы ҚР Президенті Әкімшілігі құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі Алик Шпекбаев мәлім етті.

Қазақстандағы заңнаманы ізгілендіру сотталушылардың санын 48 мыңға дейін азайтты

Оның сөзіне қарағанда, Президент тапсырмаларын орындау мақсатында азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғаудың тетіктері мен институттарының спектрін кеңейтуге мүмкіндік беретін, сондай-ақ әлемдік үздік тәжірибені ескере отырып құқықтық тәртіпті қамтамасыз ететін 20-дан астам заң қабылданды. «Үш жылда құқықтық тәртіптің жаңа идеологиясы мен жаңа моделінің қалыптасуының басталуы жөнінде көрсететін елеулі өзгерістер орын алды», - деп атап өтті А. Шпекбаев. Осы орайда ол заңнаманы ізгілендіру қылмыстық қудалау орбитасына тартылған адамдардың санын қысқартуға, ел түрмелеріндегі сотталушылардың санын төрттен бір көрсеткішке азайтуға, яғни 68 мыңнан 48 мыңға дейін төмендетуге мүмкіндік бергенін жеткізді.